1588

Елордада мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арт-терапия сеансы өткізіледі

Бүгін елордадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында дамуында ерекшелігі бар балалар үшін «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапевтикалық сессиясы өткізіледі.

Бүгін елордадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мұражайында дамуында ерекшелігі бар балалар үшін «Ғажайып өнер әлемі» арт-терапевтикалық сессиясы өткізіледі, - деп хабарлайды мұражайдың баспасөз қызметі. 

Іс-шараның терапевтикалық та, эстетикалық та сипаттары бар. Тұңғыш Президент мұражайы қабырғасында өткізіліп отырған бұл біріккен емдеу сессиясы ұйымдастырушылардың ойынша, мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтудың балама бағдарламасын енгізуге бағытталған. 

Аstana.kz сайтына мұражай қызметкерлерінің мәлімдеуінше,  арт-терапевтикалық сессияға Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы мен «Балам-ай» балалар даму орталығынан барлығы – ата-аналарымен бірге 30 бала қатыспақ. Іс-шара барысында кіші топ «Сыйқырлы орман» суретін салса, ал ересек топ «Менің жан әлемім» біріккен картинасын ұсынбақ. 

Арт-терапевтикалық сессияның барлық қатысушыларына ескерткіш сыйлықтар тапсырылады. 

Мұндай іс-тәжірибе Бірінші Президент мұражайында көптен бері жалғасып келеді. Осы жерде Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және «САД орталығының»  қолдауымен Ақкөл балалар үйінің балалары үшін АҚШ педагог-суретшілеріінң қатысуымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, мұражай мүмкіндігі шектеулі балалардың ІІ Республикалық шығармашылық фестивалінің жеңімпаздары мен қатысушылары үшін «Жұлдыз-ай» көрмесін  өткізді. Сондай-ақ, туғанынан сал балаларға арналған Қырғызстан арт-терапевтерінің қатысуымен «Тірі тастар» әлеуметтік жобасы аясында  екі күндік «Бақытты балалық шақ» шығармашылық зертханасы мен «Еркіндік нышаны балалар көзқарасымен» арт-терапевтикалық сессиясы ұсынылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109