1434

Астанада аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы болып өтті

Әлемдік балаларды қорғау күніне орай елордада аз қамтылған отбасылардың, көп балалы жанұялар мен қоғам қамқорлығына зәру балаларға арналып қайырымдылық акциясы болып өтті.

Әлемдік балаларды қорғау күніне орай елордада аз қамтылған отбасылардың, көп балалы жанұялар мен қоғам қамқорлығына зәру балаларға арналып қайырымдылық акциясы болып өтті. Бұл жайында astana.kz сайтына Қызыл Жарты ай қоғамы хабарлады.

 Осы сынды іс-шаралар жыл сайын маусым айының басында өткізіліп тұрады. Биылғы жылы Астана қалалық Қазақстан халықтар Ассамблеясы мен Есіл аудандық мүгедектер қоғамы бірлесіп өткізіп отыр.

«Балаларды автобуспен «Арсеналға» жеткізіп салды. ҚР ӨСҚ астаналық филиалының еріктісі Кәміл Шоқанов сапар кезінде түрлі ойындар ұйымдастырып, балалардың көңіл-күйін көтерді»,-деп жеткізді Қызыл Жарты Ай қоғамының елордалық филиалының өкілі.

 Қоғам қамқорлығына зәру 35 бүлдіршін және олардың туысқандары мен достары кинотеатрдан танымал «Эпик» мультфильмін тамашалады. Осыдан кейін балаларды кинотеатрдың дәмханасында  мерекелік дәм күтіп тұрды. Сонымен қатар балаларға киім-кешек, ойыншықтар, кітапшалар тарту етіліп,  ой-қабілетті дамытушы ойындар ойнатылды. «Балалардың ата- аналары мерекені ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдірді. Бүгінгі көңіл- күй балалардың есінде мәңгі қаларына сенімдіміз»,-деп хабарлады  astana.kz сайтына.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109