Қарттар күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Астанада Қарттар күніне орай балалар үйінің тәрбиеленушілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Балалар үйінен хабарлады.
Балалар Александр Савельевич Безродовты алдағы келе жатқан танкистер күнімен де құттықтады. Ардагердің үйіне қонаққа келген олар жазғы демалыстарын қалай өткізгендері туралы айтып, бөлмені жинасып, дастархан жайды.
Мереке қарсаңында ардагерге қуаныш сыйлау үшін балалар өз қолдарымен сыйлықтар мен ашық хаттар жасады. Бұдан басқа, балалар үйінің педагогтар ұжымы тәрбиеленушілердің шығармашылық ұжымдарымен бірлесіп ардагерлер мен қарттарға арнап «Жүректен жүрекке» атты мерекелік концерт дайындады.
Еске салайық, 1 қазанда елімізде Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні еңбек ардагерлерін құттықтау дәстүрге айналған. Қарттар күні - қазіргі заманғы қоғамда қалыптасқан қариялардың көптеген мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік беретін мереке.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz