Астанада сал ауруына шалдыққан балалар арасында сурет байқауы өтті
Бүгін №1 қалалық емхананың мамандандырылған балалар
бөлімінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында суреттер байқауы өтті. Іс-шара
мүгедектер күніне орайластырылған.
Байқауға БЦП (балалардың церебралдық параличі) диагнозы қойылған 10 жуық бала қатысты. Қатысушылар бір-бірімен танысқаннан кейін шығармашылық жарыс басталды. Байқаудың басты тақырыбы - отбасы. Әр бала өзінің отбасының суретін салуы тиіс.
«Бұл іс-шара Мүгедектер күніне орай БЦП диагнозы қойылған балалар арасында өткізіліп отыр. Бұл мүгедек балалардың қоғамда әлеуметтенуіне көмектеседі, оларға мемлекет тарапынан көңіл бөлінеді, көмек көрсетіледі, ата-аналарда бір-бірімен араласу мүмкіндігі туады. Осының барлығы балаларға жақсы әсерін тигізеді, олар өздерінен ешкімнің теріс айналып кетпегенін, бәрінің де оларға көмектесуге тырысатынын түсінеді», - деді №1 қалалық емхананың психологы Татьяна Браун astana.kz сайтына берген сұхбатында.
Бұдан басқа, бұл күні сал ауруымен ауыратын балаларға тренинг пен музыкалық жаттығу ұйымдастырылды. Байқаудан кейін балалар келушілерге арнап концерт қойды.
Іс-шараға қатысқан бүлдіршіндерге сыйлықтар берілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz