1320

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар үшін Бос орындар жәрмеңкесі өтеді

Ертең, 10 қазанда елордада Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамтуды жүзеге асыру бойынша Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге 10 жұмыс беруші қатысады.

Ертең, 10 қазанда елордада Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамтуды жүзеге асыру бойынша Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz  сайтына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан хабарлады.

«Жәрмеңкеге 10 жұмыс беруші қатысады, олар мүмкіндігі шектеулі жандарға 33 бос орын ұсынады. Жұмысқа орналасқысы келетіндер арасында сауда және қызмет көрсету салаларының мамандары аса қажет, атап айтқанда, бөлшектеп-орау автоматы (бөлшектеп өлшеуші), тауарларды жинақтаушы, 1414 call орталығының операторы (мемлекеттік қызметтер бойынша)», - деп хабарлады ведомство astana.kz сайтына.

Іс-шара Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Мүгедектер күніне орайластырылған. Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі қоғам мүшелерінің құқығын қорғау және өмір сапасын жақсарту болып табылады.

Еске салайық, Бос орындар жәрмеңкесі сағат 10.00-13.00 Астана қаласының  Жұмыспен қамту орталығында (Брусиловский 17/3 көшесі) өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109