2184

Елордада Мүгедектер күніне орай бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылады

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні атап өтіледі. Астанада бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса назар аудару дәстүрі қалыптасқан.

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасының Мүгедектер күні атап өтіледі. Астанада бұл күні мүмкіндігі шектеулі жандардың қажеттіліктеріне баса назар аудару дәстүрі қалыптасқан. Барлық ұйымдар мен кәсіпорындар түрлі қайырымдылық акцияларын өткізеді. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы astana.kz сайтына хабарлағандай, бұл күндері елордада тұратын мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бірқатар шаралар ұйымдастырылады.

7-11 қазанда қалада Мүгедектер күніне орай өткізілетін іс-шараларға орайластырылған «Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жұмыс орнын құру» акциясы өтеді. Іс-шара аясында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар оларға жұмысқа орналасуға көмектеседі. Сонымен қатар, осы мақсатта 10 қазанда Жұмыспен қамту орталығында мүгедектерге арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 10 жұмыс беруші 33 бос жұмыс орнын ұсынады.  Сондай-ақ, 10 қазанда қуыршақ театры тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға арнап «Алтын күз» қойылымын көрсетеді.

12 қазанда мүгедек балалардың ата-аналарына халықтың осы санатын әлеуметтік қорғау мәселелері туралы заңнаманы түсіндіру бойынша Ашық есік күндері өтеді. №65 инклюзивті жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Әлем балалардың көзімен» атты балалар шығармашылығының көрмесі, спартакиада өтеді. Үйлестіру және инклюзивті сынып оқушылары үшін концерт қойылады.

15 қазанда алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарында жергілікті мүгедектер арасында шахмат, дойбы, тоғызқұмалақтан жарыстар өтеді.

Еске сала кетейік, биыл 14 943 мүмкіндігі шектеулі жанға жергілікті бюджеттен 3 мың теңге көлемінде бір реттік материалдық көмек төленеді.

Қазіргі уақытта Астанада мүмкіндігі шектеулі 18 203 адам тұрып жатыр, соның ішінде, І топ мүгедектері 2047, ІІ топ мүгедектері 7 536, ІІІ топ мүгедектері 5 929 және мүгедек балалардың саны 2 691.

Қаладағы мүгедектер қазіргі заманғы протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық және сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз етіледі, ал құлағы нашар еститін және зағип жандарға ым тілі мамандары мен жеке көмекшілер қызмет көрсетеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109