1485

Астанада жұмыссыз жастарға нарықтағы қажетті мамандықтар туралы айтылды

Бүгін Астана қаласының орталық базарларында жастар мен жасөспірімдер арасында «Менің дұрыс таңдауым!» атты ауқымды кәсіби бағдар беру акциясы ұйымдастырылды. Оған колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.

Бүгін Астана қаласының орталық базарларында жастар мен жасөспірімдер арасында «Менің дұрыс таңдауым!» атты ауқымды кәсіби бағдар беру акциясы ұйымдастырылды. Оған колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда. 

«Акция еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарды ескере отырып, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру жөніндегі Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» халыққа жолдауының аясында ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі уақытта нақ осы мамандықтар бойынша білім алып жатқандардан ақпараттық-насихаттау тобы құрылды. Олар үгіт жұмыстарын жүргізіп, өздерінің кәсіптері мен қайда жұмысқа орналасуға болатыны, тіпті, еңбекақы туралы айтады, яғни, бұл студенттер халыққа нақты ақпарат береді. Аталмыш акция жұмыссыз жүрген жастар шоғырланған қаланың шалғай жатқан елді мекендерін түгел қамтымақ», - деді astana.kz сайтына берген сұхбатында Астана қаласының жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков. 

Айта кетейік, іс-шара елордада алғаш рет өткізіліп отыр. Акция қаланың барлық елді-мекендерін, соның ішінде барлық сауда орталықтары мен базарларын қамтиды. Іс-шараның негізгі мақсаты елорданың еңбек нарығындағы қажетті мамандықтарды ескере отырып, жастарға мамандықты таңдауға және қоғамдағы өз орнын табуға ықпал ету, жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру, сонымен қатар, жастар арасында сұранысқа ие мамандықтарды насихаттауды күшейту болып табылады. Еске салайық, «Менің мамандығым - менің болашағым» ұранымен өтетін акция 30 қарашаға дейін жалғасады. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін жоғары оқу орындары мен колледждердің аспазшы, инженер, мұғалім, дәрігер, фрезеровщик, электрик, құрылысшы және басқа да жұмысшы мамандықтар бойынша оқитын студенттер мен еріктілер тартылды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109