1235

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған

Хакім Абай: «Адам – ата-анадан туғанда есті болмайды» дейді. Демек, естіп, көріп, ұстап, ащы, тұщының дәмін татып көргенде ғана адамның санасы ашылады. Өкініштісі, мұндай мүмкіндік барлығына жазылмаған. Кейбір нәрестелердің қатарға қосылуы үшін ондаған жылдар, тіпті бір адамның ғұмырындай уақыт та аздық етіп жатады. Мұндай балалар әрдайым жақындарының ғана емес, қоғамның да қамқорлығында болуы керек.

Хакім Абай: «Адам – ата-анадан туғанда есті болмайды» дейді. Демек, естіп, көріп, ұстап, ащы, тұщының дәмін татып көргенде ғана адамның санасы ашылады. Өкініштісі, мұндай мүмкіндік барлығына жазылмаған. Кейбір нәрестелердің қатарға қосылуы үшін ондаған жылдар, тіпті бір адамның ғұмырындай уақыт та аздық етіп жатады. Мұндай балалар әрдайым жақындарының ғана емес, қоғамның да қамқорлығында болуы керек.

Расында, туа бітті есту, көру қабілетінен айырылған балалар үшін қоғамдық орта ауадай қажет. Оларды әлеуметтік ортадан шеттетпеу үшін арнайы орталықтар ашылуда. Соның бірі елорданың Алматы ауданында 2005 жылдан бері жұмыс істейтін орталық.

Гүлжан Сембаева, әлеуметтік жұмыс маманы:

Ашылғаннан бері балалардың келуі бізді қуантып жатыр. Түрлі үйірмелерге қатысып, қайшы, қағаз ұстауды үйреніп жатыр. Мәселен, мен көмек көрсететін балалардың үшеуі диагноздарына байланысты үйден шыға алмайды. Мен оларға үйлеріне барып көмектесемін. Олардың да ауру анықтамаларына байланысты жұмыстар жүргізіледі.

Бүгінде мекеме жаңа ғимаратқа көшкен. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалармен қатар жалғызбасты қарттарға да көмек көрсетіледі. «Қартайғанда – бір бала» демекші, көргені мен өмірден түйгені көп қариялардың әңгіме-дүкен құрып, бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін де жағдай жасалған.

Кішкентай Ернұр былдырлап сөйлей бастағанынан ән айтқанды жақсы көреді. Алайда 5 жасар балақай туа бітті көру қабілетінен айырылған. Енді ол анасы екеуі оңалту орталығына келіп, дарынын шыңдап жүр.  

Камила Байменова, Астана қаласының тұрғыны:

Көзі көрмегенімен, есту қабілеті жақсы. Ән айтқанды жақсы көреді. Өзім де айтамын, сөйлейтін кітаптарды қойып беремін. Музыкалық дисктерді тыңдатамын.

Резида Панченко, орталық психологы:

Бізге әр түрлі бала келеді. Негізгі міндетіміз үйде әлеуметтік қызмет көрсету болғанымен жаңа ғимаратқа көшкелі балалар өздері келіп, сыртқы ортамен араласатын болды. Біз бәріне бірдей ем қолданбаймыз. Әрқайсысының мүмкіндігіне қарай, талабына қарай жұмыс істеуге тырысамыз.

Бөлімшеде логопед, психолог, қан қысымын өлшейтін, фельдшер бөлімшелері жұмыс істейді. Сондай-ақ, сенсорлық бөлме, компьютерлік бөлме де іске қосылған. Бүгінде мұнда 160 жуық бала келіп, олармен 38 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді.

Гүлжан Сембаева, әлеуметтік жұмыс маманы:

Мұғалімдер «Білім инемен құдық қазғандай» дейді. Дайын білімді береді. Ал, бізде дайын қағаз жоқ. Біз өзіміз баланың жағдайына қарай ойластырып, баланың денсаулығына, ата-ананың көңіл-күйіне қарай жұмыс істейміз.

Сәбидің бәрі бақытты болуы үшін жаралған. Олай болса, елдің ертеңі болар балалардың дені сау болсын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109