1088

Түңғыш Президент күні қарсаңында әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетіледі

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл атаулы күннен бастап шегарамыз айқындалып, тіліміз бен дініміз қайта оралды.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл атаулы күннен бастап шегарамыз айқындалып, тіліміз бен дініміз қайта оралды.  Ал, бүгінде көрші, алыс- жақын шет мемлекеттермен саяси қарым-қатынас тұрақталып, мақсаты айқын, дамыған, дербес елге айналдық.

Былтырдан бері 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні ретінде аталып өтіледі. Бұл күн еліміздің барлық өңірінде кеңінен мерекеленіп, түрлі іс-шаралар өтеді. Астанада да осы атаулы күнге жоспарланған шаралар бірқатар. Қазірдің өзінде әлеуметтік аз қамтылған топтар мен ҰОС ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету жоспарланған.

Айгүл Таласова, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Әлеуметтік бағдарламаларды талдау бөлімінің жетекшісі:

Тұңғыш Президент күні қарсаңында жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы 200 отбасына азық-түлік жиынтығы беріледі. ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 20 000 теңгеден, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендерге 10 000 теңгеден. Қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасыларына 10 000 теңгеден беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсету акциясы қараша айының 28 мен 30-ы аралығында жүргізіледі. Жалпы, әлеуметтік көмекпен 7000 адам қамтылмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109