Астанада үздік жұмыс беруші мен жұмыссыз азаматтарды қайта даярлауды жүргізетін үздік білім беру ұйымы анықталды
Бүгін Астанада «Үздік елордалық жұмыс беруші», «Жұмыссыз азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды, біліктіліктерін арттыруды жүргізетін Үздік білім беру ұйымы» аталымдары бойынша «Үздік әлеуметтік серіктес» байқауының жеңімпаздары анықтау жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша «Үздік елордалық жұмыс беруші» аталымында «Жанат» ЖШС бірінші орын, «Астана-Жылутранзит» екінші және «Стройкласс» ЖШС үшінші орын алды. Жұмыссыз азаматтарды даярлауды, қайта даярлауды, біліктіліктерін арттыруды жүргізетін Үздік білім беру ұйымы» аталымы бойынша Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі бірінші, «Қаржылық академия» АҚ екінші және «Басқару колледжі» үшінші орынға тұрақтады.
Байқауға 12 кәсіпорын мен ұйым қатысты: «Астана-Жылутранзит» АҚ, «Астана қ. Сот кеңсесі» ММ, «Стройкласс» ЖШС, «Қорғаныс істері жөніндегі департаменті» ММ, «Жанат» ЖШС, «Ақ-БулаҚ-А», «Қаржылық академия» АҚ, «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжі, «Ақмола оқу-курстық комбинаты» ЖШС, Басқару колледжі және «Бизнес Әскер Академиясы» ЖШС.
Байқаудың мақсаты - еңбек қатынастарын реттеу саласында әлеуметтік ынтымақтастықты жетілдіру мен нығайту, сондай-ақ, жұмыс орындарын құру, жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесу болып табылады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz