«Ризашылық» мерекесі балалардың мерейін асырып, шаттыққа бөледі
18 жасар Руслан
кәмелет жасына толды. Енді ол қандай маман иесі боларын таңдауы керек. Бүгінде
Жасөспірімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан бозбаланың арманы футболшы болу.
Руслан Тарантаев, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі:
Мен SOS Балалар ауылында тәрбиеленгенмін. Қазір Жасөспірімдер үйінде тұрамын. Көріп тұрғандарыңыздай топ-топқа бөлініп, футбол ойнап жатырмыз. Жалпы, достарыммен бос уақытты доп тебумен өткіземін. Болашақта футболшы болуды армандаймын.
Жасөспірімдер арасындағы футболдан жарыс «Ризашылық» күніне орай SOS Балалар ауылында ұйымдастырылды. Биыл бесінші жыл мерекеленген атаулы күнді балалар асыға күтті. Өйткені бұл күні осы ауылдан қанат қаққан тәрбиеленушілер мен қаракөздердің тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтар балалар ауылында қонақта болып, оларды қамқорлық пен мейірімге бөлейді.
Қатира Әлпенова, SOS Балалар ауылының тәрбиеленушісі:
Мен 16 жастамын. Бұл ауылға 4 жасымда келдім. Бүгін біз үшін ерекше күн. Мерекені атап өтіп, қуанышқа кенеліп жатырмыз.
Бақытжан Сәдуақасова, SOS Балалар ауылының ана-тәрбиешісі
Бұл ауыл – Сара апамыздың еңбегінің нәтижесі деп білеміз. «Ризашылық» мерекесіне 5 жыл. Яғни, кішкентай сәби 5-ке толды. Мереке өте ерекше болды. Демеуші, әріптестеріміз құттықтады. Сол кісілердің көмегімен жазғы ойын алаңы салынды.
SOS Балалар ауылының кірпіші 1999 жылы қаланды. Бастапқыда мұнда отбасылық үлгідегі 12 үй тұрғызылып, Қазақстанның әр өңірінен 39 бала келген. Ал, қазір отбасылық үлгідегі 14 үйде 71 бала тәрбиеленеді. Мерекелік кеште балалар концерт көріп, мерекелік дастарханнан дәм татты.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz