Астанада ҚР Тұңғыш Президентінің күніне орай 7076 адамға әлеуметтік көмек көрсетіледі
Астанада
ҚР Тұңғыш Президентінің күнін мерекелеуге орай мемлекеттік әлеуметтік қолдау
алу құқығына ие адамдардың санатына жататын 7076 азаматқа ақшалай төлем мен азық-түліктер
түріндегі әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2013 жылғы 29 қарашада өткен қалалық мәслихаттың
кезектен тыс сессиясында осындай шешім қабылданды.
«Ақшалай төлем түріндегі әлеуметтік көмек арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға азаматтардың келесі санаттарына: 20 000 теңге мөлшерінде - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне; 10 000 теңге мөлшерінде: жеңiлдiктер мен кепiлдiктер жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға және мүгедектеріне теңестiрiлген адамдарға; Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСРО ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға, сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдары 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі кезеңде кемінде алты ай тылда жұмыс iстеген (қызмет атқарған) және бұрынғы КСРО-ның ерен еңбегi үшiн ордендерiмен және медальдерiмен наградталмаған адамдарға; «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мәртебесі белгіленген қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы мүшелеріне», - деп хабарлады Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жетекшісі Алма Алтыбаева өз баяндамасында.
«Азық-түліктер түріндегі әлеуметтік көмек мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатындардың ішінен жиынтық табысы кедейлік шегінен аз тұрмысы төмен азаматтарға (отбасыларға) беріледі», - деді қалалық мәслихаттың депутаты А.Алтыбаева. Оның айтуынша, азық-түліктер түріндегі әлеуметтік көмек 200 отбасыға көрсетіледі. Қызметтерді жеткізуші анықталды. «Сыйлықты өз беттерінше әкете алмайтындарға салмақты макарон, күріш қаптарын үйге апару ұйымдастырылады», - деді ол депутаттардың сауалдарына жауап бере отырып.
Тұңғыш Президент күніне орай азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Астана қаласының бюджетінен 75,5 млн. теңге бөлінді .
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz