1150

Мүмкіндігі шектеулі жандардың мүмкіндігі шексіз

Асыл мен Сәуле орда бұзар жастағы құрбылар. Алға қойған мақсат, тілектері көп. Арбаға таңылғалы білім алған салаларында қызмет ете алмаған. Алайда, ән айтып, би де билейді. Одан қалған уақытты спортпен айналысып, тоқыма тоқумен өткізеді. Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдыры әр түрлі болғанымен, мақсаты бір. Көздері ашық, көкірегі ояу, қайсар жандар.

Асыл мен Сәуле орда бұзар жастағы құрбылар. Алға қойған мақсат, тілектері көп. Арбаға таңылғалы білім алған салаларында қызмет ете алмаған. Алайда, ән айтып, би де билейді. Одан қалған уақытты спортпен айналысып, тоқыма тоқумен өткізеді.

Асыл  Ұзақбайқызы, Астана қаласы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғыны:

Сәуле екеуміз уақыттың жай өтіп кетпеуін қадағалаймыз. Сондықтан біз демалыс күндері кинотеатрға барамыз. Екеуміз арбамен дүкен аралаймыз. Одан арланбаймыз, ұялмаймыз. Өйткені ешкім алда не күтіп тұрғанын білмейді. Бөтен жерде кейбір адамдар қыңыр қарайды. Бірақ, біз бүгінгі жетістіктерімізбен шектелмей, алға жылжы береміз.

Асыл - Мүгедектер мен қарттарға арналған мекемеге келмес бұрын шахтада жұмыс істеген. Бүгінде белгілі жұмыс тәртібіне бағынбаса да, белгілі қағидамен жүріп-тұру әдебі сақталған. Оның ендігі арманы от анасы атану.

Асыл  Ұзақбайқызы, Астана қаласы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінің тұрғыны:

Әр қыз баланың мақсаты - жақсы отбасын құрып, балалы-шағалы болу. Мен де аяққа тұрып, өнерімді жалғастыруды көздеймін. Бастысы, күш, жігер бар. «Сабыр түбі сары алтын, Сабырлының бәрі алтын», - дейді. Мен осы мақалды өмірлік ұстаным етіп, алға жетелеп келемін.

Бүгін халықаралық мүгедектер күні аталып өтілуде. Осыған орай Астанадағы Мүгедектер мен қарттар үйінде мерекелік шаралар өтуде. Елімізде 500 мыңға жуық мүгедек адам болса, соның 18 000 астамы елордада тұрады.

Жанар Есенаманова, Астана қаласы Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының орынбасары:

Біздің мекемедегі 320 тұрғынның 119-ы  I, II топтағы мүгедектер. Ол кісілерді емдеу, оңалту үшін жан-жақты жағдай жасалған. Тамыз айынан бері ипотерапия енгізілді. Олардың жастары 23 жастан 97 жасқа дейінгі аралықтағы мүгедектер бар. Дүниежүзілік мүгедектер күні қарсаңында қаладағы ұйымдаст ырылған, басқа да спорттық іс-шараларға қатысамыз.

Мекемедегі мүмкіндігі шектеулі адамдардың тағдыры әр түрлі болғанымен, мақсаты бір. Көздері ашық, көкірегі ояу, қайсар жандар. Олардың көбі қалалық, респбуликалық байқаулар мен жарыстардың жеңімпаздары. Аталған мереке бұл қарым-қатынасты нығайтып, күш, жігерді бекітуге тағы бір себеп болмақ.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109