2266

Әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ 205 адам бар

Қазіргі уақытта елордалық әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ 205 адам бар. Бұл туралы astana.kz сайтына орталықтан хабарлады.

Қазіргі уақытта елордалық әлеуметтік бейімдеу орталығында белгілі тұрағы жоқ 205 адам бар. Бұл туралы astana.kz сайтына орталықтан хабарлады. 

«Қазіргі уақытта әлеуметтік бейімдеу орталығында 205 адам тұрып жатыр, соның ішінде 9-ы қалалық ауруханаларда емделуде», - делінген хабарламада. Күн сайын жедел қызметтің әлеуметтік патрулі кешкі рейдке шығып, белгілі тұрағы жоқ адамдарды жеткізеді. Орталықтың түнгі қону бөліміне қыста күн сайын орта есеппен 46-50 адам қабылданады.

Айта кетейік, ауа температурасының төмендеуіне және ауа райының бұзылуына байланысты әлеуметтік бейімдеу орталығының базасында 3 желтоқсанда кезбелік өмір сүретін адамдар көптеп жиналатын жерлерде жылжымалы ыстық тамақ беру және жылыну пункті өз жұмысын бастады. Сонымен қатар, тәулігіне бір кісіге 330 теңгені құрайтын ас мәзірі (кешенді түскі ас) әзірленді. Жылжымалы пункітінің қызметкерлері үшін айырықша форма, толыққанды арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті мүлік сатып алынды. Мұнымен қоса, көмек сұраған азаматтарды тіркеу жүргізіледі, қажеттілігіне қарай дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіледі, әлеуметтік бейімдеу орталығының қызметі бойынша түсіндіру жұмыстары қолға алынды. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109