1456

Мүмкіндігі мол мүмкіндігі шектеулі жандар

«Күшіңе сенбе, ісіңе сен». Осы мәтелді мықтап жадына түйген Жанат Төлепбергенова жастайынан қолына ине, жіп ұстап, тігін тігумен әуестенеді. Түрлі ұлттың киімдері, көлікке қап, арнайы маман киімдерін тігу оның сүйікті ісі. Осылайша жастайынан есту қабілеті нашар болса да істің көзін таба білді.

«Күшіңе сенбе, ісіңе сен». Осы мәтелді мықтап жадына түйген Жанат Төлепбергенова жастайынан қолына ине, жіп ұстап, тігін тігумен әуестенеді. Түрлі ұлттың киімдері, көлікке қап, арнайы маман киімдерін тігу оның сүйікті ісі. Осылайша жастайынан есту қабілеті нашар болса да істің көзін таба білді. Бүгінде ол қасына бес-алты жас қыздарды жинап, қоғамдық қордың жұмысын дөңгелетіп отыр. 

Жанат Төлепбергенова, тігінші:

Мен қасыма қолынан іс келетін бірнеше қызды жинадым. Білмегендерін үйретіп, әрдайым қолдау жасап отырамын. Ал, айтқанымды орындап, жақсы нәтиже шығарса, еңбегімнің еш кетпегеніне қуанып қаламын.

Бұл шеберхана «Үнсіз әлем» қоғамдық қорында орналасқан. 5 жылдан бері жұмыс істейтін қорда есту, сөйлеу қабілетін нашар жандар жұмыс істейді.

Мәрия Төлепбергенқызы, «Үнсіз әлем» қоғамдық қорының төрайымы:

Өзімнің балам естімей туғандықтан есту қабілеті шектеулі мүгедектердің проблемасын өмір бойы кешіп келемін. Сондықтан басқа адамдарға көмегім болсын деп осы қоғамдық қорды аштым.

Жастар Жұмыспен қамту орлалығы арқылы жұмысқа қабылданады. Көбінің арнайы білімі жоқ. Қоғамды жатсынып, еңбекке араласып көрмегендікпен мұндай жандармен жұмыс істеу қиын. Былтыр шеберханада оннан астам адам жұмыс істесе, биыл олардың санын жиырмадан асыру жоспарлануда.

Мәрия Төлепбергенова, «Үнсіз әлем» қоғамдық қорының төрайымы:

Психология жағынан қиын оларға. Кейде тіпті бағынғысы келмейді. Кейбіреуі отырып жылап та алады. Тұрып, киініп кетіп қалатындары да бар. Күнбе-күн тәрбиесімен де айналысамын деуге де болады. Жазып көрсетемін, ыммен сөйлесемін.

2013 жылы Астана қаласы бойынша 86 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа орналасқан. Олар қоғамдық қорларда әлеуметтік жұмыстармен айналысып, сауда орталықтарында кассир, әуежай, анықтама орталықтарында диспетчер қызметін атқарады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109