1337

Наурыз мерекесіне орай тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 15 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді

Көктем мерекесіне және Наурыз мейрамына орай тұрмысы төмен отбасылардан шыққан елордалық 15 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады.

Көктем мерекесіне және Наурыз мейрамына орай тұрмысы төмен отбасылардан шыққан елордалық 15 балаға әлеуметтік көмек көрсетілді. Бұл туралы astana.kz сайтына Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады. 

Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында ұлдарға арналған қазақ-түрік лицейі «Күн шуақ» қайырымдылық акциясын өткізеді. Іс-шара аясында мұқтаж балаларға көмек көрсетіледі. Акцияны өткізу үшін 5 апта бойы қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 182 мың теңге көлемінде түскен пайдаға ата-аналар мен балалар көктемгі күртешелер мен спорт киімдерін, аяқ киімдер, бас киімдер, джинсы және кеңсе тауарларын сатып алды. 

Биыл тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан № 4, 7, 8, 12, 16, 18, 19, 25, 35, 57 мектептердің 15 оқушысына әлеуметтік көмек көрсетілді. 

Айта кетейік, 2013 жылы №4, №8, №7 мектепте оқитын 13 балаға жәрдем көрсетілді. Аталған акция 2009 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109