Наурыз мерекесіне орай мыңға жуық астаналыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі
Астана Наурыз мерекесіне қарқынды дайындық үстінде. Шаһарда
жергілікті тұрғындардың қатысуымен бұқаралық шаралар көптеп өткізілуде:
көрмелер, концерттер, балалар байқаулары, жарыстар және шығармашылық сайыстар.
Бұл күндері халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылады. Бұл
туралы astana.kz сайтына елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасынан хабарлады.
Наурыз мерекесі аясында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетін 950 адамға және Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жалпы көлемі
2 млн 750 т мөлшерінде материалдық көмек көрсетіледі.
Сонымен қатар, 22 наурызда медициналық-әлеуметтік мекемелердің қамқорлығындағы 30 мүгедек және жетім баланың қатысуымен «Наурыз-думан» мерекелік койылымы көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі жандардың спортқа қызығушылығы да назардан тыс қалмайды. 25 мүгедек «Наурыз-мейрамы көктем мерекесі» ұранымен өтетін салтанатты іс-шарасына және тоғызқұмалақ мен шахматтан жарыстарға қатысады.
Ведомствоның атап өтуінше, Наурыз мейрамына арналған қалалық іс-шараларға еңбек ардагерлері және ведомствоға қарасты мекемелер ұжымдарының қызметкерлерінен 300-ден астам адам белсенді қатысуда.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz