Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балалар Наурыз мерекесін атап өтті
Наурыз мерекесіне орай Астана қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында 17 балаға арналған Наурыз мерекесіне орайластырылған көшпелі іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады.
Балалар алдымен ҚР Тұңғыш Президентінің Музейіне барды, содан кейін «Алау» спорт кешенінде болды. Сонымен қатар, «Тифлис» мейрамханасында балаларға арналған мерекелік дастархан жайылып, би кеші ұйымдастырылды, сайқымазақтар өнер көрсетті. Түстен кейін балалар «Думан» ойын-сауық орталығында мұхит аралын тамашалады, «Арсенал» кинотеатрына барды.
Айта кетейік, аталған іс-шараның демеушісі - «Дар» қоғамдық қоры. Бүгін, 20 наурызда «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ «Наурыз - жыл басы» мерекелік іс-шарасы өтеді, онда мекеменің тәрбиеленушілері өлең оқып, ән айтады, күйлер, қазақ билерін, әлем халықтарының билерін орындайды, сондай-ақ, «Тұсау кесер» ұлттық салт-дәстүрін көрсетеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz