1227

Жыл басынан бері елордалық кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия 40 жуық жасөспірімге көмек көрсетті

Астанада 2014 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия 36 балаға қол ұшын созды. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады. Биылдан бастап комиссия отырыстары айына екі рет өткізіледі.

Астанада 2014 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия 36 балаға қол ұшын созды. Бұл туралы astana.kz сайтына елордалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасынан хабарлады.

Комиссия құрамына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, «Дағдарыс орталықтары - зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық қатерiнiң салдарынан қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған ұйым» МКК өкілдері, Медициналық-әлеуметтік сауықтыру орталығының өкілдері және білім қызметкерлерінің қалалық «Әділет» кәсіподағының өкілдері енді.

Биылдан бастап комиссия отырыстары айына екі рет өткізіледі. Жыл басынан бері 4 отырыс өтіп, 36 материал қаралды.

«Талдау көрсеткендей, комиссия қарауына енгізілген материалдар негізінен ата-ана құқығынан айыру немесе оларды шектеу, арнайы білім беру ұйымдарына жіберу, ата-аналарды алкоголизмнен және есірткіқұмарлықтан мәжбүрлі емдеу мәселелеріне қатысты»,- деп атап өтті ведомстводағылар.

Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айларында комиссия ата-ана құқығынан айыруға 10, ата-ана құқығын шектеу бойынша 5 материал қарады, 6 ата-ана мәжбүрлі емдеуге жіберілді.

Ведомствоның хабарлауынша, кәмелетке толмаған балалардың қоғамдық орындарда әкімшілік бұзушылықтар жасауы алаңдаушылық тудырады. Жасөспірімдер көбінесе өз бетімен жүреді, кешкі және түнгі уақытта кіреберістерде, аулаларда, скверлерде, түнгі ойын-сауық және көңіл көтеру мекемелерінде отырады, онда түрлі құқық бұзушылықтар, соның ішінде тонау және қарақшылық шабуыл жасайды. Комиссия биыл өткізген төрт отырысында біреудің мүлкін ұрлау фактісі бойынша 6 материал қарады. Өкінішке орай, балаларды оқу процесіне тартпау фактілері де жиі кездеседі, бұл ҚР Конституциясында және еліміздің басқа да нормативтік актілерінде қарастырылған орта білім алу міндеті құқығын бұзу болып табылады.

«Комиссия отырыстарында 8 және 12 жасқа толса да, ата-аналарының жауапкерсіздігінен мектепке бармайтын балалардың мәселелері қаралды. Бұған құжаттардың болмауы, балалардың туғанынан АХАТ органдарында тіркелмеуі себеп болған. Комиссия шешімімен балалар мектепке орналастырылды, 12 жасар жасөспірімге туу туралы куәлік берілді»,- деп хабарлайды ведомство.

Айта кетейік, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының мамандары жарты жылда  5 балаға құжаттау және үшеуіне ресімдеу барысында көмектесті.

Сонымен қатар, ұсынылған материалдарды қарау барысында балан тәрбиелеуден бас тартқан, бейәлеуметтік өмір салтын жүргізетін, өздерінің іс-әрекеттерімен балаларды қаңғыбастыққа, заңсыз іс-қимылдарға итермелейтін ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне қатысты профилактикалық жұмыстарға ерекше көңіл бөлінді. Мұндай отбасылармен жұмысқа ата-аналар қоғамының өкілдері де, білім мекемелері де тартылады. 

Айта кетейік, кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың және мекемелердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін тұрақты әрекет етуші алқа органы болып табылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109