Елордалық Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік орталығы 25 жылдық мерейтойын атап өтті
Елордалық Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік орталығында мекеменің 25 жылдық мерейтойына арналған бірқатар іс-шара өтеді. Бұл туралы astana.kz сайтына іс-шараны ұйымдастырушылар хабарлады.
Бейсенбі күні мерейтойға орайластырылған мерекелік бағдарлама, экскурсия, көрме өтіп, іс-шараға қатысушыларға мекеменің жетістіктері, қарттар мен мүгедектерге көрсетілетін қызметтер туралы айтылды.
Бүгін, жұма күні, мекемеде «Қарттар мен мүгедектерге арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетудің инновациялық тәсілдері - азаматтардың өз әлеуетін іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктер берудің стратегиялық құралы» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді. Шара барысында елімізде әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың негізгі үрдісі талқыланады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, екі күндік мерейтойлық салтанаттың негізгі мақсаты - қоғам назарын аталған мәселеге аудару болып табылады.
Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекеме 1989 жылы құрылды. 2007 жылы мекеме Көктал-1 тұрғын алабындағы 400 орындық жаңа ғимаратқа көшірілді. Әлеуметтік-медициналық қызметтер жаңа заманауи аппаратурамен жабдықталған амбулаториялық-емхана негізінде қамтамасыз етіледі. Мекемеде 2 терапевт, стоматолог-ортопед, тіс дәрігері, сихотерапевт, психиатр, физиотерапевт, хирург, ЛОР дәрігері, окулист, УДЗ дәрігері, 17 медбике мен кіші қызметкерлер жұмыс істейді. Басқа тар мамандардан (флюро-, рентген) кеңес алу тіркелуге сәйкес №5 қалалық емханада жүргізіледі. Сонымен қатар, 2011 жылы жүзу сабақтары басталды. Мүгедектерді сауықтыру жоспарына «Тұлпар» ат спорты кешенінде жүргізілетін иппотерапия енгізілді. 1, 2-топтағы мүгедектерге жыл сайын арба, ит арба, аяқ протездері, тифлоқұралдары беріледі. Медициналық-әлеуметтік сараптама және сауықтыру іс-шаралары бойынша құжаттарды ресімдеуге, сонымен қатар, протездік-ортопедиялық өнімдер, есту аппараттарын, тифлоқұралдарды және қозғалыс құралдарын алуға көмек көрсетіледі. Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету және психологиялық-эмоционалдық тұрақтылық пен релаксацияны қолдау мақсатында сенсорлық бөлме, ионотерапия бөлмесі жұмыс істейді. 2014 жылғы қаңтар айынан бастап құм терапиясы жасалады. Әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету аясында «Халықтық қолданбалы өнер», «Шебер қолдар», «Көркемсурет» үйірмелері, тігін цехы ашылды. Айта кетейік, мекемеде түрлі спорт секциялары да бар: теннис, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, бильярд және т.б. Мекемеде тоғызқұмалақтан спорт шеберлері мен спорт шеберіне кандидаттар (4 спорт шебері, 2 спорт шеберіне кандидат) дайындалды.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz