Астанада 1 мамыр мерекесіне орай 600 жуық жалғызбасты зейнеткерге материалдық көмек көрсетіледі
Астанада Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 594
жалғызбасты зейнеткерге бір реттік ақшалай төлем жасалады. Бұл туралы astana.kz
сайтына елордалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан
хабарлады.
«Қазақстан халқының бірлігі күнінее орай жалғызбасты зейнеткерлерге, Ардагерлер кеңесінің тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне жергілікті бюджет қаржысынан бір реттік ақшалай төлем жасалады», - делінген хабарламада.
Жалпы көлемі 1 782 000 теңгелік төлемдер 25 сәүірден кейін беріледі.
Айта кетейік, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай қалалық ведомствоға қарасты мекемелерде зейнеткерлер мен ардагерлерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz