1643

1-мамыр мерекесі қарсаңында елордада тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетілді

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «Шұғыла» қоғамдық қоры және Астана қаласының әкімдігі бірлесе тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Береке» қайырымдылық акциясын өткізуде.

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы, «Шұғыла» қоғамдық қоры және Астана қаласының әкімдігі бірлесе тұрмысы төмен отбасыларды қолдауға бағытталған «Береке» қайырымдылық акциясын өткізуде. Жоба екі кезеңнен тұрады. Әуелі әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарды анықтау үшін халық арасында сауалнама жүргізілді. Қазіргі уақытта 1 мыңнан астам отбасы сұралды. Содан кейін елордалық кәсіпкерлер отбасыларды аралап, азық-түліктер таратты, соның ішінде, ұн, жарма, макарон, өсімдік майы, қант, томат және т.б.

«Жалпы, елордада 2500 отбасы тұрып жатыр. Бүгінгі шара 200 астам отбасын қамтитын болады, шара Қазақстан халқының бірлігі күніне орайластырылып отыр. Бүгін Кәсіпкерлер палатасы азық-түліктер жеткізуді қолға алды. Қол ұшын созған кәсіпкерлерге алғысымызды білдіреміз, осындай шаралар жүйелі түрде өткізіледі деп ойлаймын», - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Аида Балаева astana.kz сайтына берген сұхбатында.

Жобаның мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына девальвациядан кейінгі кезеңде қол ұшын созу.

«Акция елордалық Кәсіпкерлер палатасымен өзара әрекет ету аясында өткізіліп жатыр. Жыл басынан бері өзара әрекет етудің негізгі жоспары әзірленіп, техникалық білімнің, туристік саланың дамуына арналған, елордада кәсіпкерлік қызметті дамытуға және қолдауға әсер ететін іс-шаралар анықталды. Бүгінгі акцияны девальвациядан кейін бірден өткізу көзделген еді», - деді А.Балаева.

Айта кетейік, негізінен қайырымдылық акция толық емес және көп балалы, сондай-ақ, қатты ауыратын балалары бар отбасыларға арналған. Алдағы уақытта тұрмысы төмен 200 отбасы әлеуметтік көмекпен қамтылады. Мұндай іс-шаралар жүйелі түрде өткізілетін болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109