Аудан әкімдіктері мүлікті заңдастыру құжаттарын қабылдайды
Үстіміздегі
жылдың 1 қыркүйегінде мүлікті заңдастыру үшін құжаттарды қабылдау басталады.
Осыған байланысты Астана қаласының аудандық әкімдіктерінде арнайы комиссиялар құрылды.
Алматы ауданының тұрғындарынан құжаттарды қабылдау Тәуелсіздік көшесі 7 үй мекенжайында жүргізіледі. Анықтаманы 36-39-19 телефоны бойынша алуға болады.
Есіл ауданында Қабанбай батыр даңғылы 33 мекенжайында заңдастыру бойынша арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Қажетті ақпарат алу үшін 57-45-63 телефонына хабарласа аласыздар. Ал Сарыарқа ауданының комиссиясы Сарыарқа даңғылы 13 мекенжайында ашылып, 55-66-28, 55-66-21, 55-64-97 телефондары арқылы анықтама береді.
Азаматтар мүлкін жария ету үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесін (өтінішті берген кезде түпнұсқасын ұсыну керек), нысанның құрылыс нормаларына және ережелеріне сәйкестігі туралы аттестатталған сарапшының қорытындысын, сондай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын әкелуі тиіс.
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңына сәйкес мүліктерді жария ету бойынша құжаттарды қабылдау 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.
Заң өзіне тиесілі және 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін алынған мүлікті заңдастыратын және заңдастырған субъектілерге қатысты әрекет етеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz