Ертең ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Ертең, 28 қыркүйекте елорда тұрғындары мен қонақтары Жамбыл және Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің өнімдерін сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Аталған аймақтардан Астанаға жеміс-көкөністер, ет, балық, сүт өнімдері және т.б. әкелінеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шаралардағы ең бастысы сауда емес, мерекелік көңіл-күй мен еліміздің түрлі өңірінде тұрып жатқан қазақстандықтарды біріктіру болып табылады.
Алдағы аптада, 4-5 қазанда елордада өткізілетін дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесінде Қарағанды және Ақтөбе облыстары өз өнімдерін ұсынатын болады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz