981

Жер учаскесін алу жүйесі жеңілдетіледі

Құрылыс жүргізу үшін жер телімдерін беру жеңілдетілген схемамен жүзеге асырылады. Бұл туралы Астана қаласы мәслихатының 41-ші кезектен тыс сессиясында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Виталий Силецкий мәлімдеді. 

«Рұқсат беру екі кезеңмен жүргізіледі. Біріншісі, тексеру, іздеу жұмыстарын жүргізуге және жер учаскелерін жобалауға рұқсат беру. Екіншісі, құрылыс жүргізу үшін учаскелер бөлу. Жер учаскесін алуға ниетті кәсіпкер Астана қаласының бүгінгі жоспарын өз бетінше қарайды, мақсаатты жер учаскесінің жоспарлы орналасатын жерін анықтайды. Содан кейін өтінішін тіркеп, схеманы Астана қаласының Жер қатынастары басқармасының қарауына ұсынады», - деді ол. 

Рұқсат беру жаңа технологияларды қолдана отырып, автоматтандырылады. Виталий Силецкийдің атап өтуінше, өтініш берушінің ұдайы келіп жүруі немесе түрлі мемлекеттік органдарға баруы қажет емес. Оның үстіне, ешқандай төлемдер жасалмайды, бастапқы рұқсат құжаттарын әзірлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі, сондай-ақ, құжаттарды қарау мерзімі екі есе қысқарады, енді бұл үшін бұрынғыдай 60 емес, 30 жұмыс күні ғана керек. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109