1066

Зағип және нашар көретін жандар классикалық әдебиеттерді оқи алады

Астанада қыркүйектен қазан айына дейін дәстүрлі «Ақ таяқ» айлығы өткізіледі. Шара аясында жыл сайын зағип және нашар көретін адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, шахмат жарысы, үздік вокалдық орындау байқауы, музыкалық аспаптарда ойнау, аспаздық жарыстар және т.б. 

Елордалық арнаулы кітапханада «Алты нүкте арқылы білімге» байқауы өткізілді. Оған 17 адам қатысты. Көзі көрмейтін мүгедектер Брайль жүйесінің көмегімен шетелдік және отандық әдебиетпен танысты. Байқауға қатысушылар Әбіш Кекілбаевтың «Плеяды - созвездие надежды» шығармасын тез оқудан бәсекеге түсті.

«Осы сияқты байқаулар жүйелі түрде өткізіледі. Бұл зағип және көзі нашар көретін азаматтардың арасында Брайль жүйесі білімін бекітіп, қазақстандық жазушылардың шығармаларын таратуға жол береді», - деді С.Өтегенов атындағы зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған қалалық арнаулы кітапхана меңгерушісі Анна Оверчук. 

Байқауда Софья Максимова мен Камалиден Оспанов сынды елорда тұрғындары үздік атанды. Олар 7 қазанда Конгресс-Холл сарайында өтетін «Ақ таяқ» шарасының салтанатты жабылуы рәсімінде құрмет дипломдарымен марапатталып, сыйлықтар алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109