1140

Мемлекет тарапынан қарттарға қамқорлық көрсетіледі

Бүгінгі таңда қарттардың құқығын қорғау және лайықты кәрілікті қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі. Жыл сайын 1 қазанда Қазақстан да барша әлеммен бірге Халықаралық қарттар күнін атап өтеді. 

Бұл күні қалалық ұйымдар мен мекемелерде мерекелік дастархан жайылып, түрлі шаралар, шығармашылық ұжымдардың концерттері, еңбек ардагерлері мен қарттарды құттықтау рәсімі өткізіледі.

Биыл мерекеге орай 51 879 мұқтаж зейнеткерге бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. Пригородный кентінде 40 зейнеткерге, Алматы ауданында тұрмысы төмен және жалғыз тұратын 150 зейнеткерге, Сарыарқа ауданында 650 зейнеткерге азық-түліктік жиынтықтар мен пакеттер беріледі. Ардагерлер активіне, атап айтқанда Есіл ауданында 310 зейнеткерге, Сарыарқа ауданында 220 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС мен еңбек ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, Алматы ауданында 150 зейнеткерге қайырымдылық түскі асы беріледі. Сонымен қатар, тұрмысы төмен және жалғыз тұратын 20 қария қысқы отынмен қамтамасыз етіледі. 

Еңбек, ҰОС ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне де ұдайы осындай қолдау көрсетіледі. Азаматтардың аталған санаты қалалық жолаушылар көлігімен тегін жүру және медициналық қызметтерді тегін пайдалану құқығына ие. 

1 қазанда Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде де бірқатар мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Қазіргі кезде мекемеде 317 зейнеткер тұрып жатыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109