1212

Елордада тұрмысы төмен 30 зейнеткерге тегін медициналық көмек көсретіледі

Астанада тұрмысы төмен және жалғыз тұратын зейнеткерлерге тегін медициналық көмек көрсетіледі. Бүгінде қарттардың өмір сүру сапасына баса назар аударылып отыр: зейнеткерлерге қалалық қоғамдық көлікпен тегін жүру құқығы беріліп, дәріханалар мен азық-түлік дүкендерінде жеңілдіктер жасалады.  

Қарттар күнін мерекелеу аясында тұрмысы төмен және жалғыз тұратын 30 зейнеткер «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ тегін медициналық тексеруден өту мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар, медицина қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушы мен тыл еңбеккерлерінің ішінен 30 адамның үйіне барады. 

Медициналық бригадалар Шұбар, Заречный, Пригородный, Тельман тұрғын алабтарында тұратын зейнеткерлерді флюорографиялық тексеруден өткізеді. 

Биыл мерекеге орай 51 мыңнан астам адамға 5000 теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетіледі. 

Бұдан басқа, жыл сайын соғыс және еңбек ардагерлеріне мереке және атаулы күндері материалдық көмек көрсетіледі, қалалық жолаушылар көлігімен тегін жүру құқығы берілді, тұрғын үй көмегі мен қатты отын сатып алуға материалдық көмектер ұсынылады. 

Елордада 1982 жылдан бері жалғыз басты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсететін қызмет жұмыс істеп келеді, олар 298 адамға жәрдемдесуде.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109