Астана жылу беру маусымына толықтай дайын
Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов қаланы жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған бірқатар нысандарды аралады. Ол ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-нің жұмысы мен алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді. Мұндағы күзгі-қысқы жылу беру маусымына дайындық үшін жүргізілген қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Және «Астана АЭК» АҚ мен ТКШ жаңғырту бағдарламасына қатысушы тұрғын үйлермен де танысты.
Иманғали Тасмағамбетов, Астана қаласының әкімі;
«Астана - қатал ауа райлы қалалардың бірі. Сонымен бірге, қаланың жыл сайын өсіп келе жатқандығын ескерсек бұл кәсіпорындардың қуаттылығын арттыру керек. ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 жұмыс істейтін техникалық сауатты мамандардың арқасында жылыту маусымына дайынбыз. Станциялық қондырғыны қалпына келтіру жөніндегі бағдарлама толық көлемде жүзеге асырылды. Бұдан басқа, ЖЭО-3 құрылысы жүргізіліп жатыр».
Елорда басшысына жылыту маусымына дайындық бойынша мәлмет бетген ЖЭО басшылары алдағы жылыту маусымына толықтай дайын екендіктерін жеткізді.
Олег Уткин, «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы;
«Бүгінгі таңда жылыту маусымына дайындық бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық қазандықтар жылу беруге дайын. Жаз бойы ЖЭО-2 жұмыс істеді, ал ЖЭО-1 алдағы күндері энергетикалық бөлігі іске қосылады. жүктеме артқан кезде қалған бөлігі жұмыс істейтін болады. Отын қоры бойынша, ЖЭО-1 эксплуатациялық көрсеткіштен екі есеге, ЖЭО-2 30% артық».
Бүгінгі таңда ЖЭО-1 мен ЖЭО-2 бас қаланы жылумен қамтамасыз етуге 100% дайын, ал қандайда бір оқыс жағдай орын алар болса жылу беруді тоқтатпас үшін қажетті қосалқы бөлшектер мен құралдар жеткілікті.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласы бойынша жылу беру маусымы 3 қазаннан басталады.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz