Астанада тұтынушылардың құқықтары түсіндіріледі
Астана қаласының Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті «тікелей желі» аясында күн сайын 10-нан астам адамға кеңес береді. Тұтынушылар көбінде бөлшек сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша мекеменің көмегіне жүгінеді.
Департамент қыркүйек айында қоғамдық қабылдау өткізіп, оған 15 адам өз мәселесін айта келді. Сонымен бірге, департаментінің бөлім басшылары және "Әділет" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық бірлестігінің өкілі сұрақтарға жауап берді деп хабарлады astana.kz сайтына аталмыш департаменттен.
Азаматтардың өтініштері тұтынушылардың құқықтарын сауда саласында сапасыз тауарды сату, ауыстыру немесе қайтарудан бас тарту, тауарларды орналастыру ережелерінің сақталмауы, білім беру, тұрмыстық қызмет көрсету саласында, яғни жиһаз жасауда, химиялық тазарту, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық қызметінің сапасыз көрсетілуімен байланысты болды.
«Тікелей желі» аясында тоғыз айда 72 өтініш келіп түсті. Соның ішінде 54% - бөлшек сауда саласы, 22% - ТКШ, 14% - тұрмыстық қызметтер болса, байланыс, көлік және білім беру салалары 2,7% құрайды. Медицинамен байланысты өтініштер саны 1,3%», - деді департаменттегілер.
Қазіргі кезде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийдің енгізілуіне байланысты департамент қызметкерлері өтініш берген азаматтарға тұтынушылардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы кеңес қана бере алады. Білікті мамандар ресми шағым жазуды, қажет болған жағдайда сотқа талап-арыз беру шарттарын түсіндіреді.
Қоғамдық қабылдаулар әр айдың соңғы жұма күнінде өткізіледі. Ал қалған уақытта Астана қаласы Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде «тікелей желі» телефондары жұмыс істейді: 31-80-11, 31-79-92, 31-71-37, 31-55-02.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz