1127

Астанадағы жәрмеңкеге Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарынан мың тонна өнім әкелінеді

2014 жылғы 11 қазанда Астана қаласы әкімдігі алдындағы орталық алаңда Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Алдағы демалыс күндері Елордадағы жәрмеңкеге Қостанай облысы 550 тоннаны құрайтын 60 түрлі өнім әкеледі. Қостанайлықтар Астана тұрғындарына еттің барлық түрлерін, картоп, көкеніс, ет және шұжық, сүт өнімдерін, сұлы, макарон, нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, өсімдік майы, жұмыртқа мен ұн және т.б. ауыл шаруашылық және қайта өңдеу өнеркәсібі өнімдерін ұсынады.

Шығыс Қазақстан облысы жәрмеңкеге 450 тонна ауыл шаруашылық өнімдерін, атап айтқанда бал және бал шаруашылығы өнімдерін, өсімдік майы, қарақұмық, асбұршақ, қақталған және қайнатылған шұжық өнімдерін, балық және балық өнімдерін, сиыр, қой, жылқы еттерін әкелмек. Сонымен қатар, шығысқазақстандықтар астаналықтарға сүт өнімдерінің мол түрін – сүт, ірімшік, сүзбе, қаймақ, айран, ашытылған өнімдерін, сондай-ақ, панта өнімдері мен қымыз, тары, құрт т.б. азық-түлік өнімдерін жеткізбек.

Жәрмеңкеде қос облыстың әкелген өнімдері Астана қаласында қалыптасқан нарықтық бағадан төмен бағаға сатылатын болады. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109