1815

Астанада Қазақстанның құс фабрикаларының жәрмеңкесі өтеді

10-11 қазанда Астанада Қазақстанның ірі құс фабрикаларының қатысуымен жәрмеңке өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтарына Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының құс шаруашылығы саласындағы өнімдер ұсынылады. Оңтүстікқазақстандық «Ордабасы құс» құс фабрикасы күркетауық етінен жасалған өнімдерін сатады. Биыл жәрмеңке «Шапағат» базарының аумағында өтеді. 

Айта кетейік, өткен жылы отандық құс фабрикалары жәрмеңкесінде 100 мыңға жуық жұмыртқа және 5 тоннадан астам құс еті сатылымға шығарылған.

Астана қаласындағы құс шаруашылығы саласының өніміне деген сұранысты бірнеше құс фабрикасы қанағаттандырады. Үстіміздегі жылдың сәуір айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков елорданың маңында бройлерлік ет шығаратын құс фабрикасы салынып жатқанын айтқан еді. Өндіріс қарқындылығы елордалықтардың тұтыну көлеміне тең болады. Бұдан басқа, Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Үш Бұлақ-2005» ЖШС ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында тауық жұмыртқасын шығаратын құс фабрикасы іске қосылды. Кәсіпорын жыл сайын 90 млн дана дайын өнімді нарыққа ұсынбақ. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109