2253

Ғани Сейділдаев екі рет «Астана Қыраны» атағына ие болды

Ғани Сейділдаев екі рет «Астана Қыраны»атағына ие болып, енді ҚР Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өтетін республикалық қазақ күресі «Қазақстан Барысында» елорда намысын қорғайды.

Ғани Сейділдаев екі рет «Астана Қыраны»атағына ие болып, енді ҚР Республикасы Президентінің жүлдесі үшін өтетін республикалық қазақ күресі «Қазақстан Барысында» елорда намысын қорғайды. Бұл туралы astana.kz  сайтына Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан мәлім етті.

Азия мен Әлемнің екі дүркін чемпионы, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері Ғани Сейділдаев бас жүлде үшін шаршы кілемде тағы да өзінің бағын сынап көреді. Өткен жылғы «Қазақстан Барысы-2012» жеребе тастау кезінде оның қарсыласы вице-чемпион Шалкар Жоламанов болған еді. Бұл жолы ол өзін бұрынғыдан да жақсы сезініп, шаршы кілемде күш сынау үшін дайын екендігін мәлімдеді.

Елордада өткен іріктеу финалында оған жас әрі талантты палуан  Асхат Уалиев қарсы келді. Бұл палуан да талай турнирлерде топ жарып жүрген жүйрік. Екі қара күш иесі де өзара кездескенше төрт жарыста топ жарған еді. Бұл жерде Ғани Сейділдаевтың бағы жанды.  Жеңімпаздарды бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев құттықтады.

Үшінші орынға Қарулы Күштер сапындағы әлемнің екі дүркін чемпионы, тәжірибелі спортшы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Қожабаев пен 22 жасар спрот шеберлігіне үміткер, бірнеше республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері  Асан Мамбеткұлов көтерілді.

«Астана Қыраны» турниріне 30 астаналық палуан қатысты. Олардың әрқайсының шаршы кілемде өзіндік тәжірибелері бар. 

Турнирдің ұйымдастырушылары «Нұр Отан» ХДП қолдауымен Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы, Астана қаласының күрес Федерациясы болып табылады.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109