1785

Елордалық паралимпиадашылар ҚР IV Спартакиадасына қатысады

Астаналық паралимпиадашылар мамырдың 17-сі мен 27 аралығында Тараз қаласында мүгедек спортшылар арасында өтетін ҚР IV Спартакиадасына қатысады.

Астаналық паралимпиадашылар мамырдың 17-сі мен 27 аралығында Тараз қаласында мүгедек спортшылар арасында өтетін ҚР IV Спартакиадасына қатысады, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан. Басқарма қызметкерлері мен қоғамдық жұртшылық елордалық команданы жарысқа ресми түрде шығарып салды.  

Басқарма бастығы Айталап Құрғамбаев құрамында 56 адамы бар делегацияға спорт түрлерінен құрама мүшелігінің куәлігін тапсырып, команда капитаны Әнуар Ахметовке ақ жол тілеп, елорда туын табыс етті.  

«Бұл біз үшін үлкен құрмет, - деді «Қайсар тұлға» жүлдесінің тұңғыш иегері Әнуар Ахметов. Біз өзімізге жүктелген зор сенімді ақтауға тырысамыз. Жарыстарға бастысы қатысу дегенімен, біз тек жеңіс үшін барамыз».

Тағы бір айта кетерлігі, салтанатты кездесу кезінде: Әнуар Ахметовке 2012 жылғы Лондондағы Паралимпиадалық ойындар кезінде біздің спортшылар жүзуден үш рекорд жаңғыртқанын айқындайтын Халықаралық паралимпиадалық комитеттің сертификатын ресми тапсыруы болды.  

Мүгедек спортшылар арасында ҚР IV Спартакиадасы спорттың 13 түрінен өтеді. Елордалық спортшылар барлық бағдарламалар бойынша қатысады.

 Еске салайық, мүгедектердің III Спартакиадасында Астана құрамасы 6 орынды иеленген болатын.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109