2304

Астанада мүгедектер арбасына таңылған жандар алғаш рет спорттық биден шеберлік-дәрісін алды

Бүгін «Қазақстан» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық биден шеберлік-дәрісі өтті. Аталған іс-шара арбадағы мүгедек жандар арасында алғаш өткізіліп отыр.

Бүгін «Қазақстан» спорт кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорттық биден шеберлік-дәрісі өтті. Аталған іс-шара арбадағы мүгедек жандар арасында алғаш өткізіліп отыр. 

Ерекше шеберлік дәрісін ұйымдастырушылар Республикалық заманауи және спорттық би Федерациясы. 

Бұл үшін жетекші жаттықтырушы ретінде Санкт-Петербургтен Ресейдегі мүгедектер арбасындағы спорттық би федерациясының вице-президенті Константин Васильев шақырылды. 

Екі күн бойы, 4-5 шілде күндері 16 мүгедектер арбасындағы жан 8 жұпқа бірігіп, спорттық бидің қыр-сырын меңгерді. 

Ресей құрама командасының бас жаттықтырушысының жетекшілігімен жүзеге асқан мүгедектер арбасындағы спорттық биден шеберлік-дәрісі қатысушыларға хореографияның теориялық және тәжірибелік икемін меңгеруге зор мүмкіндік туғызды. Мүгедектер арбасындағы би Ұлыбританияда 1960 жылдардың аяғында пайда болған еді. 1998 жылы арбадағы би Халықаралық Паралимпиялық  ойындар тізіміне еніп, спорттың ресми түрі болып бекітілді. 

Қазақстан Республикасы бойынша жалғыз мүгедектер спорт мектебі  «Қайнар» деген атпен 2002 жылы Астанада ашылған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109