2226

Елордада ҚР Президентінің Кубогына ат спортынан халықаралық жарыс өтуде

Дәстүрлі түрде Астана күні қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподромында ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем Кубогына ат спортынан халықаралық жарыс өтуде.

Дәстүрлі түрде Астана күні қарсаңында елордалық «Қазанат» ипподромында  ҚР Президентінің Кубогы мен Әлем Кубогы үшін  ат спортынан халықаралық жарыс өтуде 

Чемпионатқа  Армения, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Украинадан елуден астам шабандоз қатысуда.

Үш күн бойы 7 елден келген үздік шабандоздар ҚР Президентінің Кубогына, Ұлт кубогына,  ENRC Кубогына, Maserati кубогына, Samsung кубогына командалық және жеке жарыстарда чемпиондық титул үшін бақ сынасатын болады.

Ресейден келген «үшжұлдыздық» деңгейдегі курс-дизайнер Владимир Платов қатысушылар  120-ден 160 см-ға дейін биіктікті кедергісіз, қателіксіз бағындыруы тиісті бағдар жасады.

Спортшылардың өнерлерін ат спорты бойынша халықаралық дәрежедегі: Польшадан Марек Залески, Украинадан Анна Скабард, Кореядан  КеоЧанг Янг, Үндістаннан Сарпартап Синх  сияқты беделді төрешілер бағалайтын болады.

Астана ипподромында Орталық Азияның ең үздік шабандоздарының тартысты бәсекесі қызу қанды басталды. Қызықты жарысты көруге ат спортына құмар 3000-ға тарта көрермен келді. 

 «Казанат» ипподромына кіру тегін. Жарыс 2-інен  4 шілдеге дейін өтеді.

Жарыс кестесі:

3 шілде 11.00  II Бағдар

Екі фазадағы халықаралық жарыс.  «А» кестесі. Кедергі биіктігі 1 фаза - 120 см, 2 фаза - 130 см. Шабандоз үш атпен өнер көрсете алады.

3 шілде 16.00. III Бағдар.

 «Ұлт Кубогы», «ENRC Кубогы» халықаралық жарысы. Ресми командалық жарыс. Екі фазада халықаралық жарыс. «А» кестесі. Кедергі биіктігі 135 см. Шабандоз екі атпен өнер көрсете алады.

4 шілде 11.00  IV Бағдар.

«Ат спорты Азия федерациясының Президенті кубогы, MaseratiCup». «А» кестесі. Кедергі биіктігі 135 см. Шабандоз екі атпен өнер көрсете алады.

4 шілде 15.00 V Бағдар

FEIWorldCup Халықаралық жарысы «Гран При», «ҚР Президенті кубогы» Айыппұл ұпайлары тең жағдайда бірінші орын үшін қайта секіру өткізіледі. Кедергі биіктігі 140-160 см. Шабандоз екі атпен өнер көрсете алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109