1711

Астана күні құрметіне велошабандоздар бақ сынады

Бүгін спорт сүйер қауым үшін «Бәйтерек» монументі алдында 26-шы веложарыс ұйымдастырылды. Оған кәсіпқой велошабандоздардан бастап кез келген қала тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды.

Астананың туған күнін атап өтуге спортшылар да орасан үлес қосуда. Бүгін спорт сүйер қауым үшін «Бәйтерек» монументі алдында 26-шы веложарыс ұйымдастырылды. Оған кәсіпқой велошабандоздардан бастап кез келген қала тұрғыны қатысуға мүмкіндік алды. Жалпы, велосипедті тізгіндеген 459 қатысушы «Астана кубогын» сарапқа салды.

Айталап Қорғамбаев, Астана қаласы Туризм, дене тәрбиесі  және спорт басқармасының жетекшісі:

Барша қала тұрғындарын, қала қонақтарын, спортшы қауымды Астананың 15 жылдық мерейтойымен құттықтаймын. Жарыстың негізгі мақсаты астаналықтарды экологиялық таза көлікті пайдалануға, велосипедке бейімдеу, салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, осы спорттық додаға қала тұрғындарының назарын аудартатын жарыс ұйымдастыру негізгі мақсатымыз.

Байқау көпшілікке «Юный целинник» деген атаумен де таныс. Тәртіп бойынша жарыс бірнеше күн бойы, бірнеше кезең бойынша өтеді. Веложарысқа 7 жастағы баладан 70 жастағы қартқа дейін қатысты. Бірнеше күн бойы өтетін жарысқа 13 аймақтан 17 команда келген. Бүгін 3 шақырымдық веложарыста ОҚО-ның шабандозы Влад Моховиков топ жарды. Ал, Богдан Гапоченко екінші орынға тұрақтаса, СҚО-ның велошабандозы Арман Турлин үшінші орынды қанағат тұтты. Жарыс соңында қатысшылар арасында 5 велосипед, спорттық киімдер мен түрлі сыйлықтар ойнатылды. Ал, 60 және 64 шақырымға тек спортшылар бақ сынайтын дода 4, 5 шілдеде өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109