2682

Астана чемпиондарын қарсы алды

Бүгін, 10 шілде күні, таңертең транзиттік рейспен Венадан Азия чемпионатында бокстан тамаша жеңіске жеткен ұлттық команда оралады, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы.

Бүгін, 10 шілде күні, таңертең транзиттік рейспен Венадан Азия чемпионатында бокстан тамаша жеңіске жеткен  ұлттық команда оралды, - деп хабарлайды қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы. 

Еске салайық, құрлықтағы біріншілікте біздің былғары қолғап шеберлеріміз 7 алтын, 1 күміс алып, Қазақстан боксы тарихында үлкен жетістікке жеткен болатын.

Чемпиондарды қарсы алуға туған-туыстарымен бірге, жақындары мен достары келді. Сондай-ақ, боксшыларды қарсы алуға қаланың қоғамдық жұртшылығы,спорт сүйер қауым және журналистер де жиналды. Олар түскен бойда құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановты құттықтады.

«Біздің жігіттер чемпионатқа жақсы дайындықпен барды. Әзірліктің сапалы жүргенін нәтиже көрсетіп отыр. - деді Мырзағали Құланұлы. - Жалпы алғанда, біздің басты жарысымыз әлі алда. Әлем чемпионатына енді жақсылап дайындалуымыз керек. Ірі құрлықтық біріншілікке құрамның алдыңғы қатарлы спортшыларын жіберіп, әлем чемпионаты алдында қауқарымызды байқап алғымыз келді. Қатыспаған бірнеше спортшыларымызды айтпағанда, біз Иорданияда құраманың  ең мықты боксшыларын шығардық. Біздің жігіттер түгелге дерлік салмақ санаты бойынша чемпион атанды. Олардың қарсыластары да осал емес еді. Мәселен, Мерей Ақшалов Монғолияның Олимпиада жүлдегерін тізе бүктірді. Негізгі қарсыластар Үндістан мен Өзбекстан командасынан болды»

Біздің екінші құрамамыз қатысып жатқан бокстан Дүниежүзілік Универсиадада бас жаттықтырушы да намысты қолдан бермеуде. «Менің ойымша, онда да біздің спортшылар жақсы өнер көрсеткен. Төрт боксшы медаль алыпты.  Бүгінгі финалда кем дегенде бір алтын болуы керек» - деді М.Айтжанов.

Бокстан құрама капитаны Данияр Елеусінов Азия чемпионатында алтын алды.  Әрі оның қанжығасына құрлық біріншілігінің үздік боксшысы деген атақ та  байланды.

«Нәтижелерге өте ризамын. Үздік боксшы атанғаным екі есе қуаныш сыйлады.  Барлық күш-жігерімді, техникамды салып, қарсыластан басым түсуге тырыстым. Ең мықты қарсылас екінші жекпе-жектегі Азия чемпионатынынң бұған дейінгі чемпионы болды. Алда әлем чемпионатына дайындық тұр. Бірақ,  біз үшін осының барлығы да дайындық болып саналады», - деді ол.

Қазақстандық команданың қоржынына алғашқы алтынды жеңіл салмақта Теміртас Жүсіпов салды. Бұл ірі халықаралық жарыстардағы оның тырнақалды жеңісі еді. Сондықтан, осы жеңістің орны айырықша көрінеді.

«Мен рингке алғаш болып шықтым. Не нәрсені тыңнан бастау оңай емес қой. Қобалжығаным да рас - дейді Теміртас, - Сәтін салғанда жеңіске жетіп, ең бастысы,  жаттықтырушымның сенімін ақтадым. Шынымды айтсам, Азия чемпионатында осындай биік шыңға шығамын деп ойлаған жоқпын. Сезімімді сөзбен айтып жеткізе алар емеспін».

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109