3533

Астанада бірегей «Тарлан» мұз айдыны ашылды

Бүгін елордада бірегей жаңа «Тарлан» мұз айдынының ашылуы өтті. Мұз айдыны негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған.

Бүгін елордада бірегей жаңа «Тарлан» мұз айдынының ашылуы өтті. Мұз айдыны негізінен хоккей мен мәнерлеп сырғанаудан кәсіби, жартылай кәсіби және әуесқой пайдаланушылар үшін жаттығу кешені ретінде жоспарланған. 

«Жоба бірінші кезекте, балалар мен жаңа бастап жүрген спортшыларға арналған. Біздің міндетіміз жас хоккейшілер үшін жаттығу алаңын жасау еді. Сонымен қатар, мұнда мәнерлеп сырғанау мектебі де айналыса алады. Мұз айдыны болашақ спортшылар мен жаппай сырғанауға арналған»,- деді «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚ төрағасы Ғазиз Шаханов.

«Тарлан» мұз аранасын жобалаушылардың алдына қойған мақсаты  - құрылыс пен мұз айдынының озық тәжірибелерін пайдалана отырып, жинақы, тиімді де ыңғайлы кешен салу болды. 

Оның ерекшелігі сонда - керемет сәулет өнерінен бөлек, жоба жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған. 

Арена австриялық жүйеде тұрғызылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, Астанада мұндай ғимарат тұңғыш рет пайдалануға беріліп отырған көрінеді. Жоба өте қысқа мерзімде - 9 айда салынды. 

«Бапкерлер бұл мұз айдынына өте жоғары баға берді. Тағы бір ерекшелігі,  мұндағы мұз ерімейді. Біз өз мұз алаңымызды басқа нысандар жабық жаз кезінде де ұсына аламыз. Алаңымыздың барынша тиімді екендігін атап көрсеткіміз келеді», - деді Ғазиз Шаханов.

 Нысанның ресми таныстырылымын өткізгеннен кейін, мұз аренасының аумағына экскурсия жасалды. «Барыс» БЖСК хоккейшілерінің өнерлері тамашаланды.

Елордадағы жаңа спорт нысаны  «Каспий» спортты дамыту қоры» ҚҚ  бастамасымен  жүзеге асты.  

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109