1531

Астанада Спорт күніне орай жаппай жүгіру өтеді

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Спорт күні атап өтіледі. Биыл аталмыш мереке 17-18 тамызда мерекеленеді. Елордада спорт мерекесіне орайластырылған бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлады astana.kz сайтына Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Жыл сайын дәстүрлі түрде тамыз айының үшінші жексенбісінде дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - Спорт күні атап өтіледі. Биыл аталмыш мереке 17-18 тамызда мерекеленеді. Елордада спорт мерекесіне орайластырылған бірқатар іс-шара өтеді, деп хабарлады astana.kz сайтына Астана қаласының Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, әуелі 2001-2002 жылдары туған балалар арасында жеңіл атлетикадан, эстафета мен футбол жарысы ұйымдастырылады. Содан кейін шахматтан блиц-турнир, үстел теннисінен, жағажай волейболынан, шағын футбол мен стритболдан жарыстар және «Астана ЭКСПО-2017» веложарысы болады.

17 тамызда Астанада «Өмір энергиясынан қуат ал!» функционалдық жаттығуы, «Бәйтерек» монументінің алдында «Астана ЭКСПО -2017» веложарысы және 800 м, содан кейін 2400 м қашықтыққа «Президенттік миль» дәстүрлі жаппай жүгіру ұйымдастырылады. Спортшылар Ақмешіт, Қонаев, Көлік және коммуникация министрлігінің алдындағы өткел мен Достық көшелері арқылы өтеді. Мәре сызығы Ақмешіт көшесінде орналасқан. Іс-шаралар соңында жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Сонымен қатар, Астананың кішкентай тұрғындарының спорттық демалысын ұйымдастыруға арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Спорт күнін атап өту аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 50 балаға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылады. Балалар үшін үстел теннисінен жаттығулар мен футболдан турнир өткізіледі. Бұдан басқа, тегін тренажер залы мен бассейн ұсынылады. Сондай-ақ, аула клубтарына баратын жасөспірімдер үшін шағын футболдан, жүгіруден жарыстар, жартасқа өрмелеуден Ашық есік күндері, «Жігер» спорт клубының жаттықтырушыларының шеберлік сыныптары ұйымдастырылады.

Спорттық іс-шаралар жасөспірімдер арасындағы бокстан матчтық кездесулермен, желкенді спорттан, академиялық есуден, байдарка және каноэмен есуден Астана қаласының ашық біріншілігімен аяқталады. Бұдан басқа, отандық спортты дамытудың мәселелері мен перспективалары талқыланатын дөңгелек үстел ұйымдастырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109