Астаналықтар Дене шынықтыру және спорт күнін атап өтуде
Астанадағы №32 мектеп гимназиясының жоғарғы сынып оқушыларының стритбол құрамасы қыздар арасындағы үздік командалардың бірі. Бүгін олар спорт күніне орай «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығында өткен қалалық турнирге қатысты.
Әнел Назырова, Астана қаласының № 32 МГ оқушысы:
Қалалық турнирлерге 8-ші сыныптан бері қатысып жүрміз. Команда капитаны ретінде айтарым, біз көбінесе бірінші орын аламыз.
Әнел Шұғайыпова, Астана қаласының № 32 МГ оқушысы:
Бұл спорт түрін ұнатамын, себебі мұнда командалық рух пайда болады. Біздің командамыз жақсы.
«Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының көпфункционалды стадионында таң атқаннан кеш батқанша Спорт күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Жарыстарға спорттың үш түрі бойынша 24 команда мен 156 оқушы қатысты.
Нұрлан Тәженов, Астана қаласы Білім басқармасы «Шығыс» балалар-жасөспірімдер орталығының директоры:
Астана қаласы Білім басқармасы жыл сайынғы Спорт күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, Астана қаласының оқушыларының арасында спорттың үш түрінен - халық добы ойыны, стритбол және шағын футболдан жарыстар өткізіліп отыр. Оған 200-ге жуық оқушы тартылған. Оқушылар бұл іс-шаралардың салуатты өмір салтын насихаттауға бағытталғанын жете түсінеді. Сондықтан осы жарыстарға белсенді қатысуда.
Астаналықтар Спорт күнін үш күн бойы мерекелейді. Осыған орай бірқатар спорттық шаралар ұйымдастырылады. Негізгііс-шаралар 17 тамызда «Бәйтерек» монументініңалдындағыалаңдаөтеді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz