Астанада Спорт күнін атап өтуге жүздеген адам жиналды
Бүгін Астанада Спорт күні атап өтілуде. Таңертең белсенді жастар «Бәйтерек» монументінің алдына жиналды. Мерекелік концерт ұйымдастырылып, спорттық іс-шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Елордалықтар «Бәйтерек» монументінің алдындағы сахнада «The Sun Trip» веложарысына қатысушыларды қошеметпен қарсы алды. Франция, Бельгия және Қазақстанның 7 спортшысы Астананы Спорт күнімен құттықтады. Іс-шараға Франция мен Бельгияның Қазақстандағы елшіліктерінің өкілдері және Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастырушылар қатысты.
Сонымен қатар, қалалық үздік фитнес нұсқаушылардың қатысуымен «Өмір энергиясынан қуат ал!» акциясы аясында бұқаралық жаттығу өткізілді. 15 маусымда Савойя қаласынан (Франция) бастау алған барша әлемнен 33 спортшы қатысып, 8 шақырым жолды бағындырған «The Sun Trip»: «Астана ЭКСПО-2017 бағытында» веложарысына қатысқан түрлі елдердің өкілдерімен көрнекі жарыс ұйымдастырылды. Бұдан басқа, Президенттік миль аясында 13-16 жастағы балалар мен жасөспірімдер 800 м және ерлер мен әйелдер, зейнеткерлер 2400 м қашықтыққа жүгіруден бақтарын сынады.
Еске салайық, Астанада 15-18 тамызда Спорт күніне арналған бірқатар ауқымды іс-шаралар өткізілді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz