Астана мен Новосібір бокс құрамаларының кездесулері тең аяқталды
Елордада Спорт күніне орайластырылған бокстан
Астана мен Новосібір (Ресей) құрама командаларының арасында жолдастық жекпе-жектер
болып өтті, деп хабарлады astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және
спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
«Толқын» СК залында өткен жарыста 1999-2000 жж., 2001-2002 жж. және 2003-2004 жж. туған былғары қолғап шеберлері бақ сынасты.
Дода 12 салмақ санаты бойынша ұйымдастырылды. Бұл кездесулерде достық жеңді. Қазақстандықтар алты салмақ санатында жеңіс тойын тойлады: Әли Мақсұтов - 28 кг, Никита Захаров - 30 кг, Ислам Қабденов - 32 кг, Диас Елтай - 48 кг, Елхан Тұрсынбеков - 50 кг, Әлішер Сатыбалды - 79 кг.
Қалған жекпе-жектерде Новосібір боксшылары басым түсті: Никита Барило - 28 кг, Анатолий Фитодкин - 38 кг, Мадияр Асамбаев - 46 кг, Данил Артомонов - 58 кг, Аманат Сүлейменов - 46 кг, Илья Минин - 48 кг. Барлық спортшыларға естелік сыйлықтар мен тартулар таратылып, жеңімпаздарға дипломдар мен медальдар табысталды.
Жарысқа қатысушылар бұған дейін шаршы алаңда талай жұдырықтасқандарын айтып, алдағы уақытта да осындай турнирлерге қатысуға ниеттерін білдірді.
Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz