1437

Елордада балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне қабылдау басталды

Астанада 25 тамыздан бастап қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бастапқы дайындық топтарына балаларды қабылдау басталды. Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Астанада 25 тамыздан бастап қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бастапқы дайындық топтарына балаларды қабылдау басталды. Бұл туралы astana.kz  сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

«Жалпы он балалар-жасөспірімдер мектебінде және мамандандырылған олимпиадалық резервті балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 55 түрі бойынша қабылдау жүргізілуде»,- деп хабарлады ведомство.

«Балалар спорт мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібінің ережесін және олимпиадалық резервті мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің бұйрығына сәйкес, бастапқы дайындық тобына қабылдау үшін бала кем дегенде 6 жаста болуы тиіс. Жеке спорт түрінің ерекшеліктері мен спецификасына байланысты жас мөлшері өзгереді. 

Спорт секцияларына қабылдау 25 қыркүйекке дейін жалғасады.

БЖСМ қабылдау туралы барлық қажетті ақпаратты Астана қаласы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының www.tsb.astana.kz сайтында көрсетілген байланыс телефондары арқылы білуге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109