1372

Астанада Конституция күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден ашық кубок өтті

Елордада «Қазақстан» спорт сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден «Astana Open Cup» ашық кубогы өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылған.

Елордада «Қазақстан» спорт сарайында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден «Astana Open Cup» ашық кубогы өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан Республикасының Конституция күніне орайластырылған. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Бағдарламаға 50 және 100 метр қашықтықтарға еркін, брасс, баттерфляй стилінде және шалқалап жүзуден және 200 метр қашықтыққа кешенді жүзуден жарыстар енгізілді.

Турнир қорытындысы бойынша жақында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден Әлем чемпионатына қатысқан халықаралық дәрежедегі спорт шебері астаналық Әнуар Ахметов топ жарды.

«Ол 7 қашықтықта бағын сынап, бәрінде бірінші орын алды. Командалық есепте тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылардың ішінде Қарағанды облысының командасы үздік атанды. Көзі көрмейтін спортшылардың ішінде Астана қаласының «Қайсар» спорт клубы көш бастады», - делінген ведомство ақпаратында.

Жарысқа еліміздің 5 өңірінен 60-тан астам спортшы қатысты. Додаға мүмкіндігі шектеулі жандар, атап айтқанда, тірек-қимыл аппараты бұзылған, көру және есту органдары бұзылған, сондай-ақ, Астана қаласының БЖСМ жүзумен айналысатын жас спортшылар қатысты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109