2416

Астаналық гандбол клубы халықаралық додада үшінші орын алды

Елордалық «Астана» гандбол клубы Херсон қаласында (Украина) өткен халықаралық додада үшінші орын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Елордалық «Астана» гандбол клубы Херсон қаласында (Украина) өткен халықаралық додада үшінші орын алды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

«Астана» төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Олар аз есеп айырмашылығымен «Днепрянки» және «Гомель» командаларына есе жіберді. Ал «Реал» клубынан басым түсті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар үшінші орынға табан тіреді», - делінген ақпаратта.  

Украинаның Тәуелсіздік күніне орай Херсон қаласында екі жыл қатарынан әйелдер командаларының арасында турнир ұйымдастырылып келеді. Оған, Қазақстан, Украина және Беларусь командалары, соның ішінде Украина чемпионатының қола жүлдегері «Днепрянка», Беларусь чемпионатының жүлдегері «Гомель» қатысты. Жарыста Ирина Гончарова «Үздік голкипер» және Елена Клименко «Үздік жартылай орта ойыншы» атанды. Елордалық клубтың жаңа бас бапкері, украиндық маман Георгий Воронов өзінің тәрбиеленушілері көрсеткен нәтижеге қанағат. Херсон қаласында өткен турнир команданы Қазақстан чемпионатына дайындау жоспарына енгізілген. Астаналықтар плей-офф сериясына шығуды міндет етіп отыр. Клубқа Александра Абт (Ефимова) және Елена Клименко қайта оралды, сондай-ақ, Маргарита Савина және Альбина Мұратова сынды жаңа спортшылармен толықты. 

Еске салайық, әйелдер командаларының арасындағы гандболдан Қазақстан чемпионатының төртінші туры ұзақ үзілістен кейін 23-30 қыркүйекте Астанада өтеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109