1651

Елордада спортпен шыныққан мемлекеттік қызметкерлер отбасы анықталды

Отбасы күніне орай Астанада мемлекеттік қызметкерлердің отбасыларының арасында «Өнегелі отбасы байқауы» эстафетасы ұйымдастырылып, спортпен шыныққан отбасы анықталды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Отбасы күніне орай Астанада мемлекеттік қызметкерлердің отбасыларының арасында «Өнегелі отбасы байқауы» эстафетасы ұйымдастырылып, спортпен шыныққан отбасы анықталды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Астанада «Дәулет» спорт комбинатында 9 отбасы күш сынасты. «Көңілді старт» екі кезеңмен өткізілді. Қатысушылар түрлі кедергілерден өтіп, «экстремалды» жағдайларда жұппен әрекет етуді үйреніп, доппен секірді, көздерін жұмып жүгірді, арқан тартты. Ақтық сынға өткен отбасылар нағыз шеберлік танытқандықтан, жүзден жүйрікті таңдау қиын болды. 

Нәтижесінде, Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының «Барыс» командасы бірінші орын алды. Смағұловтар отбасы Махамбет пен Әлия және олардың балалары Өмірбек пен Асыл «Көңілді старт» жарысында үздік атанды. Екінші орында «Алтын - Бақ» атты Мәдениет басқармасының командасы. Тергенбаевтар отбасы - әкесі Самат, анасы Сания, балалары Шерхан мен Шоқан командада бір-бірімен жақсы әрекет етті. Білім басқармасының «Жеңімпаз» командасы Қосжановтар әулеті - Қайрат пен Жанар, Әнел мен Алтынбек үшінші орын алды. Жңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар берілді. Бұдан басқа, қатысушыларға «Алау» мұз сарайына баруға сертификаттар табысталды. 

Еске салайық, іс-шара Отбасы күнін атап өтуге орай және отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасының оң имиджін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109