1166

Астанада көкпардан І Ашық Азия чемпионаты өтеді

Астанада 10-15 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында көкпар қазақ ұлттық ойыны бойынша І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Онда 8 мемлекеттен келген командалар Азия чемпионы титулын сарапқа салады. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады.

Астанада 10-15 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында көкпар қазақ ұлттық ойыны бойынша І Ашық Азия чемпионаты өтеді. Онда 8 мемлекеттен келген командалар Азия чемпионы титулын сарапқа салады. Атап айтқанда, Ауғанстан, Қырғызстан, Монғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады. 

«Чемпионатты 2 жылда бір рет өткізу жоспарланған. Екі жылдан кейін көкпардан Азия чемпионатын ұйымдастыруға Түркия елі ниет білдіріп отыр. Әрине, бұл дауыс беру арқылы шешіледі. Бірақ Түркияның аталған чемпионатты өткізуге барлық мүмкіндігі бар. 2017 жылы «Экспо - 2017» халықаралық көрмесінің қарсаңында біз Азия чемпионатын қайтадан Астанада өткізбекпіз. Оған дейін көкпар ойыны Қазақстанда жақсы дамитын болады», - деді Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан.  

Көкпар ойынының ережесіне сәйкес, команда он салт аттыдан құралады, алайда алаңда төрттен-төрт әдісі бойынша ойнайды. Ойын 20 минуттан құралған 2 таймнан тұрады, әрі ұзындығы 200, ені 80 метрге жалғасқан алаңда өткізіледі. Екі шетінде диаметрі 3,6 метр және биіктігі 1,5 метр болатын отау орнатылады. Ойыншылардың басты тапсырмасы - жердегі лақтың терісін алып, алаң бойымен жүгіріп өтіп, қарсыластардың отауына салу. Қазақстанда командалық ат спортының бұл түрі 1998 жылдан бері белсенді насихатталып, дамып келеді. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109