1599

Көкпардан І Ашық Азия чемпионаты басталды

Бүгін Астанада көкпардан І Ашық Азия чемпионаты басталды. Азияның 9 елінен жиналған 108 көкпаршы 4 күн бойы тартысты бәсеге түсетін болады. Сырнайлатып, кернейлетіп ашылған дода теңге алу, қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық ойын түрлерімен басталды.

Бүгін Астанада көкпардан  І Ашық Азия чемпионаты басталды. Азияның 9 елінен жиналған 108 көкпаршы 4 күн бойы тартысты бәсеге түсетін болады.

Сырнайлатып, кернейлетіп ашылған дода теңге алу, қыз қуу, аударыспақ сынды ұлттық ойын түрлерімен басталды. Одан әрі таласты тартыс Қазақстан мен Тәжікстан құрама командаларының ойынымен қызды. Себелеген жауынға қарамай, ұлттық құрамаға жанкүйер болам деушілер еліміздің түкпір-түкпірінен жиналыпты. 

Қуаныш Кәрібаев, Астана қаласының тұрғыны:

Көкпар қазақтың әу бастағы ойыны. Тақымымызды қысып,  «Қазақстан жеңсе» деп жанкүйер болып отырмыз.

Марат Қойшин, Көкшетау қаласының тұрғыны:

Алғашқы Азия чемпионатын өткізіп жатқанда ауа райы бұзылып кетті. Бірақ, оған қарамай, біз тамашалап отырмыз. Қазақстан мен Тәжікстан ойнап жатыр. Естуімізше, Тәжікстаннан келген команда өте мықты. Болашақта әлемдік деңгейге жетейік.

Балжан Сәрсенбиева, Астана қаласның тұрғыны:

Ойынның аты - ойын, жарыстың аты - жарыс. Жүрегіміз қазақ деп соғады. Әр олжа сайын бір қала салғандай қуанып отырмыз.

Астанаға ат басын бұрған командалардың бірі Қырғызстаннан келген. Дәрігерлер мен жанкүйерлерді қосқанда айыр қалпақты ағайындар елінен 20 шақты адам келген. Екі күн жол жүріп, Қазақстанға жетуге асыққан көкпаршылар додаға қатысуға 14 атты баптап, өздерімен алып келіпті.

Бақтияр Талаайбек, Қырғызстан шабандозы:

Дайындықтарымыз жақсы, өзіміз шабандоздар 12 адам келдік. Ал, жанкүйерлер, дәрігерлер, барлығын қосқанда 20 адам келдік. Өзіміздің аттарымызды алып келдік. Жақсы дайындалып келдік. Құдай бұйыртса жеңеміз деген ойымыз бар. Аттарымызды камазбен алып келдік. 14 ат алып келдік. Жолда бір нәрсе бола, қосармыз деген оймен 2 атты артығымен ала келдік.

Ат құлағында ойнаған көкпаршылар тартысының нәтижесі 15 қыркүйекте белгілі болады. Азаматтарымызды батылдыққа, ержүректiлiкке баулитын ұлттық ойыннан чемпионатты 2 жылда бір рет өткізу жоспарланып отыр. 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109