1573

Ел чемпионатының қорытындысы бойынша елордалық велошабандоздар үздік бестікке енді

Демалыс күндері Астанада жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының және ел біріншілігінің аясында өткен бес күндік жарыста елордалық велошабандоздар үздік бестіктің құрамыне енді.

Демалыс күндері Астанада жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының және ел біріншілігінің аясында өткен бес күндік жарыста елордалық велошабандоздар үздік бестіктің құрамыне енді. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. 

Астаналық Заки Сұлтанов және топтық жарыста Никита Клеванов жеңіске жетті. Ел чемпионатының қорытындысы бойынша топтық жарыста да, 1000 м гите жарысында да бес күн бойы көш бастап келген Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Артем Захаров топ жарды. Әйелдер арасында Алматы облысының өкілі Маржан Байтілеуова жеңімпаз атанды. 

Бұдан басқа, ел біріншілігі аясында БЖСМ (Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) және ОРМБЖСМ (олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі) арасында 4 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Ерлер арасында топтық жарыста Алматы облысындағы ОРМБЖСМ намысын қорғаған Нияз Шустов жеңіске жетті. Спринтерлік көпсайыста төрт кезеңнің қорытындысы бойынша елордалық шабандоз Эдуард Розенберг 46 ұпай жинап, алға шықты. Ал екінші орынға оның командаласы Вадим Онищук тұрақтады.

Әйелдер арасында топтық жарыстың төрт кезеңінің қорытындысы бойынша 7 ұпай айырмашылықпен Павлодар облысының спортшысы Рината Ахметча бірінші орын алса, Жанұя Сейітова спринтте үздік нәтиже көрсетті.

Еске салайық, жарыс ерлер мен әйелдер арасындағы ҚР чемпионаты аясында республикалық «Сарыарқа» велотрегінде өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109